×

Даниал Ахметов ШҚО әкімі болып қайта тағайындалды

Ахметов облысты 2014 жылдан бері басқарып келеді

 Халық үні 07.12.2022 | 14:43
Фото: inform.kz

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қайта тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, - делінген президент жарлығында.

Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар облысында дүниеге келген. 

1976 жылы Павлодар индустриалды институтын (қазіргі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

2014 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 

Даниал Ахметов әр жылдары ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары (2000-2001 жылдары), ҚР премьер-министрі (2003-2007 жылдары), Павлодар облысының әкімі (2001-2003 жылдары), Қорғаныс министрі (2007-2009 жылдары) қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама