Halyq Uni логотип
×

Курск әскери аэродромына шабуыл жасалды

Мұнай жинағыш қамбаны өрт шалды

 Дастан Жұмабекұлы 07.12.2022 | 09:56
Курск әскери аэродромына шабуыл жасалды
фото: eadaily.com

Ресейдің аумағына тағы да шабуыл жасалды. Бұл жолы белгісіз дрон Курск облысының аэродромына соққы жасады. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Соның кесірінен мұнай жинағыш қамбаны өрт шалды.

Зардап шеккендер жоқ. Барлық арнайы қызмет орындарында өрт сөндіріліп жатыр, – деп жазды Курск облысының губернаторы Роман Старовойт өзінің Telegram-арнасында.

Ол болған оқиғаның басқа жай-жапсары жайлы ештеңе айтпаған.

«Курск-Восточный» деп аталатын аэродромның өзі 24 ақпанда соғыс басталғалы бері азаматтық рейстерді қабылдауды күрт тоқтатқан. Бұдан кейін ол тек әскери мақсатта ғана пайдаланыла бастаған.

Курск облысында террорлық қауіп режимі бар. Билік Украина тарапынан атқылау болып тұратынын тұрақты хабарлайды. Соңғы оқиға кеше болды. Оның барысында жиырмаға жуық үйге зақым келді, – деп жазды Старовойт.

Мұның артынша, кеше Брянск облысындағы «Слава» комбинатына да дрондардың шабуыл жасағаны белгілі болды. Соның кесірінен өнеркәсіп территориясында өрт өршіген.

Еске сала кетсек, кеше белгісіз ұшқышсыз ұшақ Саратов облысының Энгельс қаласындағы аэродромға шабуыл жасаған еді. Ұшу аппараты ұшу-қону белдеуіне құлап, екі ұшаққа залал келтірген. Тағы екі адам жарақат алып, шұғыл госпитальға жіберілді.

Бұдан басқа, дүйсенбі күні Рязань қаласының түбіндегі истребительдер жинақталған аэродромда бір бензовоздың күлі көкке ұшты. Одан 3 адам қаза тауып, 6 адам зардап шеккен, бір ұшаққа зақым келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама