Паралимпиада-2022: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті
Александр Герлиц қола жүлдеге ие болы
Паралимпиададан Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны Александр Герлиц (класс LW6,) Бейжің қаласында өтіп жатқан қысқы паралимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы медаль салды.
Қазақстан үшін қысқы Паралимпиада-2022 алғашқы медалін жеңіп алды.
10 шақырым қашықтықтағы биатлонда Александр Герлиц үшінші орынға ие болды, деп хабарлады Ұлттық паралимпиада комитеті.
Бірінші орынды канадалық Марк Арендз, екінші орынды украиналық Григорий Вовчинский алды.
Бейжіңдегі қысқы паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:00-де өтті. Ашылу салтанатында пара шаңғы жарысынан әлем кубогінің қола жүлдегері Ербол Хамитов Қазақстан паралимпиадалық құрамасының туын ұстап шы0ты.
Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында қазақстандықтар екі спорт түрінен сынға түсті. Олар пара шаңғы жарысы мен пара биатлонда бақ сынайды. Команда құрамына бес спортшы кірген. Олар - Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин мен Денис Петренко.