Арман Жұмагелдиев 7 қаңтарда ұсталған болатын
«Дикий» Арман деген лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылғы 7 қаңтарға дейін ұзартылды.
Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылғы 7 қаңтарға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды, – деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, Арман Жұмагелдиев 7 қаңтарда ұсталған болатын.