СҚО-да әйелдер колониясы басқа орынға көшіріледі

Дәурен Ерболат

Жаңа нысан барлық стандартқа сәйкес болады

Фото: AFP

Петропавлда әйелдер колониясы көшіріледі, деп хабарлады СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Басқарма басшысы Берік Біләловтің айтуынша, алдағы уақытта әйелдер жазасын өтеп жатқан мекеме басқа орынға көшіріледі.

Шаһар аумағының кеңеюіне байланысты мекеменің айналасында тұрғын үйлер, сауда, ойын-сауық орталықтары және тағы басқа ғимарат салынуда. Сондықтан әйелдер колониясын көшіру керек. Жаңа мекеме барлық қажет үй-жаймен: монша, асхана, тұрғын және өнеркәсіптік аймақ, мәдениет үйі, спортзал және мектеппен қамтылады. Нысан күрделі бейнебақылау жүйесімен жабдықталады, - деді ол.