Сынақ сәтті өткен
Ресейдің Қорғаныс министрлігі 2 қарашада Қазақстаннан жалға алып отырған Сарышаған полигонында жаңа әскери зымыранды сынақтан өткізгенін мәлімдеді. Айтуларынша, сынақ сәтті өткен.
Әуе-ғарыш қорғанысы және зымыраннан қорғау әскерінің есебі негізінде Ресей әскерилері зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің жаңа зымыранын сынақтан өткізді, – делінген хабарламада.
Британиялық Sky News басылымының мәліметінше, ресейліктер жаңа зымыранды Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесуінен кейін бірнеше күн өткен соң сынаған.