×

Ресей қорғаныс жүйесінің жаңа зымыранын Қазақстанда сынақтан өткізді (ВИДЕО)

Сынақ сәтті өткен

 Еркеғали Болатұлы 06.12.2022 | 15:45
фото: видеодан скриншот

Ресейдің Қорғаныс министрлігі 2 қарашада Қазақстаннан жалға алып отырған Сарышаған полигонында жаңа әскери зымыранды сынақтан өткізгенін мәлімдеді. Айтуларынша, сынақ сәтті өткен.

Әуе-ғарыш қорғанысы және зымыраннан қорғау әскерінің есебі негізінде Ресей әскерилері зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің жаңа зымыранын сынақтан өткізді, – делінген хабарламада.

Британиялық Sky News басылымының мәліметінше, ресейліктер жаңа зымыранды Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесуінен кейін бірнеше күн өткен соң сынаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама