Halyq Uni логотип
×

Украинаның барлық аумағына зымыранмен шабуыл жасалды

Елдің барлық облысында апат қаупі туындап, электр қуаты өшірілді

 Еркеғали Болатұлы 06.12.2022 | 15:15
Украинаның барлық аумағына зымыранмен шабуыл жасалды
фото: censoru.net

Бүгінде Украинаның барлық аумағына зымыранмен шабуылдар жасалған. Ресей әскері энергетикалық инфрақұрылымдарға 8 аптада 8 мәрте соққы беріпті.

Бір тәулікте Украина аумағына 70 зымыран түссе, жергілікті әскер оның 60-ын атып құлатқан. Ракетамен жасалған шабуылдан елдің барлық облысында апат қаупі туындап, электр қуаты өшірілді. Кей өңірлерде жарық пен су да жоқ. Оларды жылдам қалпына келтіру үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Қазір Ресей Қорғаныс министрлігі дүйсенбінің кешінде елдегі екі әскери аэродромда болған жарылысқа Украинаны айыптап отыр. Украина билігі болса, ол оқиғаға өздерінің қатысы бар-жоғын әлі мәлімдемеген. Бұл ретте Ресей армиясының Украинадағы энергетикалық нысандарға Саратов облысындағы дәл осы «Энгельс-2» әуебазасынан қанатты зымырандармен соққы жасап жүргені белгілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама