×

«АрселорМиттал» кеншілері сыйақы беруді талап етіп жатыр

Келісім комиссиясы барлық мәселе толық шешілмейінше жұмыс істейді

 Дастан Жұмабекұлы 06.12.2022 | 14:34
фото: ашық дереккөз

Қарағандыда облыс әкімінің міндетін атқарушы Жеңіс Қасымбектің төрағалық етуімен «АрселорМиттал» кеншілерінің жыл соңына қарай сыйақы беруді талап етуі бойынша келісу комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста кеншілердің қосымша талаптарының орындалуы, оның ішінде жалақыны көтеру және жыл қорытындысы бойынша сыйақы төлеу мәселесі талқыланды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Владимир Яблонский компания ұсыныстарын жеткізді.

Сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының басшылары мен шахта өкілдері пікірін айтты. Отырыста келіссөздің әлі жалғасатыны, оның нәтижесі бойынша өзара шешім қабылданатыны белгілі болды. Сонымен бірге жиында компания өкілдері көмір департаментінің кәсіпорындарына жаңа қызметкерлерді қабылдау туралы хабарлады.

Келісім комиссиясы барлық мәселе толық шешілгенге дейін жұмыс істейтін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама