Halyq Uni логотип
×

Отбасылық жанжал: ІІМ Екібастұз ЖЭО учаске басшысының өліміне қатысты түсінік берді

Павлодар полициясы Сергей Видлогтың өлімінің алдын ала себебін айтты

 Халық үні 06.12.2022 | 14:31
Отбасылық жанжал: ІІМ Екібастұз ЖЭО учаске басшысының өліміне қатысты түсінік берді
фото: Екібастұз қаласы

Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов Екібастұз жылу-электр орталығының учаске басшысының өліміне қатысты түсінік берді.

«Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Екібастұз қаласының полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ болған оқиғаның мән-жайын алдын ала анықтадық: 33 жастағы ер адамның денесі Екібастұз гараждарының бірінде қозғалтқышы оталып тұрған жеке автокөліктен табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға отбасылық жанжал салдарынан болған және марқұмның қызметімен байланысты емес», – деді Рашад Өтеуов.

Қазір ЖЭО учаске басшысының өліміне қатысты бірқатар сараптама тағайындалған. Процессуалдық шешім сараптама қорытындысы бойынша тағайындалады.

Еске салайық, әлеуметтік желіде 4 желтоқсан сағат 21:25-те гараждағы ВАЗ-21099 көлігінен 1989 жылғы «ЖЭО» ЖШС учаскесінің бастығы Сергей Видлогтың мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама