Антикор басшысының бірінші орынбасары мен орынбасары тағайындалды

Халық үні

Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы ауысты

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде кадрлық тағайындаулар болды.

Дмитрий Малахов Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына Асхат Жұмағали тағайындалды.

25 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы ауысты. Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Бектенов Антикор басшысы болып тағайындалды.

Олжас Бектенов бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Антикор басшысы болған Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалып, орнын босатты.