Ресейдің аэродромдарына шабуыл жасалды
Үш адам қаза тауып, сегіз адам жарақат алды
Белгісіз ұшқышсыз ұшу аппараты Ресейдің Саратов облысы Энгельс қаласындағы аэродромға шабуыл жасаған. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Ұшу аппараты ұшу-қону белдеуіне құлап, екі ұшаққа залал келтірген. Екі адам жарақат алып, шұғыл госпитальға жіберілген. «Энгельс-1» әуебазасында екі Ту-95 бомбардировщик-ракета тасығышы зақымданған. Әскери қызметкерлер жарақат алған.
Оқиғаны Ресей Қорғаныс министрлігі растады.
Бұған дейін украин БАҚ-тары Ту-95 бомбардировщиктерінің Энгельстегі аэродромнан ұшып шығатынын әлденеше рет хабарлаған еді. Осыған байланысты 1 желтоқсан күні әскери аэродром жоғары дайындық жағдайына келтірілген.
Maxar Technologies және Planet Labs компанияларының спутниктен түсірген суреттері әуе базасында жиырмаға жуық стратегиялық бомбардировщиктің тұрғанын көрсеткен. Сондай-ақ X-55 және Х-101 қанатты зымырандарын таситын арбалардың да бар екені байқалған.
Бұдан басқа, дүйсенбі күні Рязань қаласының түбіндегі истребительдер топтастырылған аэродомда бір бензовоздың күлі көкке ұшқан. Соның кесірінен 3 адам қаза тауып, 6 адам зардап шеккен және бір ұшаққа зақым келген.
Рязаньның ya.62 порталының хабарлауынша, жергілікті тұрғындар таңғы сағат 6 шамасында Дягилев әскери аэродромы ауданынан түтін шығып, дабылды ракеталар атылғанын, сондай-ақ ауаға керосиннің иісі тарап кеткенін айтқан.
Бұдан бұрын Украинада Ресейдің шекарадан 1000 шақырым қашықтықта орналасқан тылына соққы бере алатын ұшқышсыз ұшақ дайындау жоспары бар екені хабарланған еді. Олардың басты нысанасы Саратовтағы, Рязаньдағы аэродромдар болатыны да айтылды. Мұның бәрі Ресейдің Украинадағы энергетикалық жүйе нысандарына соққы жасайтын ұшақтардың осы қалалардан ұшып шығатынынан туындап отыр.