×

«Қазмұнайгаз» IPO-сына қазақстандықтардан қанша өтінім түскені белгілі болды

Жалпы сомасы – 4,6 млрд теңге

 Дәурен Ерболат 06.12.2022 | 11:20
фото: Владислав Воднев

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «Қазмұнайгаз» IPO-сы аясында қазақстандықтардан қанша өтінім түскенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл ретте ол «Қазмұнайгаздың» IPO нәтижесіне жеке тоқталды.

«Кеше қордың директорлар кеңесі мен Үкімет «Қазмұнайгаз» АҚ акцияларын иеліктен шығару туралы соңғы шешімді қабылдады. Өтінімдер 9 қараша мен 2 желтоқсан аралығында қабылданды. Қазақстан азаматтарының өтінімдерін қанағаттандыруға басымдық берілді. Азаматтардан түскен өтінімдердің жалпы саны – 128,7 мың, жалпы сомасы – 4,6 млрд теңге», - деді басқарма төрағасы.

Сондай-ақ Алмасадам Сәтқалиев төмендегі портфельдік компанияларды IPO/SPO-ға шығаруды жоспарлап отырғандарын жеткізді.

«2023-2024 жылдары Air Astana, KEGOC және «Самұрық-Энерго» жасыл активтерінің портфелі (QazaqGreenPower PLC жобалық компаниясы), 2024-2025 жылдары QazaqGaz, 2025 жылы «Қазақстан темір жолы» АҚ шығарылады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама