×

СҚО-да 50 жылқы мұз астына түсіп кеткен

Жануарлар 27 қарашада еркін жайылымнан жоғалып кеткен

 Динара Амантай 06.12.2022 | 10:55
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстанда 50 жылқы мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 2 желтоқсан күні СҚО Айыртау ауданының полиция бөліміне Әлжан ауылындағы табында 50 жылқының жетіспеушілігі анықталғаны туралы хабарлама келіп түскен. Жануарлар 27 қарашада еркін жайылымнан жоғалып кеткен.

Іздеу шаралары барысында жоғалған жылқылар мұздың ішінде қатқан күйінде Барчи көлінен табылды. Алдын ала болжам бойынша, жылқылар бақташы болмаған кезде көлдегі мұз үстімен жүрген. Кейін мұз жарылып, суға батып кеткен.

 Аталған факті бойынша Айыртау ауданының полиция бөліміне арыздар келіп түспепті.

Қазір полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп, өлген жануарлардың нақты санын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама