×

Моңғолиядағы шеруде төрт қызметкер қаза тапты

Қытай билігі көмір ұрлығына қатысы бар моңғол саясаткерлерін атады

 Дастан Жұмабекұлы 06.12.2022 | 09:52
фото: ашық дереккөз

Моңғолия астанасы Улан-Баторда шерушілер Үкімет сарайына ақыры қалың нөпірмен кіріп, оның ішінің ойран-топанын шығарды. Бұл туралы Sonin хабарлады.

Моңғолияның жаңалықтар агенттігі елге керекті көмірдің талан-таражға түсуінен көтерілген шерушілердің дүйсенбі күні кешке қарай Үкімет үйіне басып кіргенін жеткізді.

Қарсылық қозғалысы кезінде шерушілер Парламент үйіне басып кірді. Олар жолдарында тұрған Мемлекеттік аула қауіпсіздік қызметінің 4 қызметкерінің бастарын кесіп алды. Қақтығыс салдарынан кем дегенде оншақты адам топырдың аяғы астында қалып қойды, – делінген хабарламада.

Әзірге адам қазасы туралы басқа ресми ақпарат жоқ.

Бұдан бұрын Улан-Баторда 3 күннен бері халықтың қарсылық қозғалысы жүріп жатқанын хабарлағанбыз. Жұрттың бас көтеруі Қытайдан әкелінген көмірді шенеуніктердің талан-таражға салып, шетелдерге жөнелткені жайлы ақпараттың таралуынан басталды. Моңғол бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, әңгіме құны 60 трлн тугрик (1,8 млрд АҚШ доллары) тұратын 6,5 млн тонна көмір туралы болып отыр.

Осының алдында жергілікті басылымдар елден сыртқа шығарылған көмір мөлшерінің Қытайдан әкелінген көлемнен едәуір айырмашылығы бар екенін жазған еді. Осының қорытындысында Қытай тарапы шикізатты ұрлауға қатысы барлардың бәрін өлім жазасына кескен. Қытай билігі мұнымен тоқталмай, бұл ұрлыққа Моңғолия жағынан араластықтары бар саясаткерлердің аты-жөндерін премьер-министр Оюун-Эрдэне Лувсаннамсрайға арнайы хабарлаған болатын.

Наразылық қозғалысына шыққандар биліктен осы адамдардың аты-жөндерін жариялауды талап етті. Сосын өкімет тарапынан жауап болмаған соң акция жалпыхалықтық жаппай бас көтеруге ұласып кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама