Halyq Uni логотип
×

Моңғолияда бас алаңға шыққан халық үкімет үйіне басып кірді: Қытай шенеуніктерін өлім жазасына кесті

Жаппай наразылыққа Моңғолиядан Қытайға тасымалданған көмір ұрлығына қатысты жанжал себеп болған

 Халық үні 06.12.2022 | 07:40
Моңғолияда бас алаңға шыққан халық үкімет үйіне басып кірді: Қытай шенеуніктерін өлім жазасына кесті
Фото: news.mn

Моңғолиядағы наразылықтар үш күнге созылып, 5 желтоқсанда шарықтау шегіне жетті. Мемлекет астанасы Ұлан-Батордың бас алаңына әр өңірден мыңдаған адам жиналған, деп хабарлайды Stan.kz.

Наразылық білдірушілер өздерін «өте агрессивті» ұстағаны айтылады. Митингтен кейін олар Министрлер кабинетінің ғимаратына баса-көктеп кірген.

Жаппай наразылыққа Моңғолиядан Қытайға тасымалданған көмір ұрлығына қатысты жанжал себеп болған. Қолды болған сома шамамен 13 миллиард долларға жетеді. Сұр схемалар Қытай тарапының арқасында белгілі болды. Қытай тергеу жүргізіп, кінәлілерді өлім жазасына кесіп, жаппай ұрлыққа қатысы бар шенеуніктердің тізімі Монғолияға жіберілген. Енді шерушілер кінәлілерді жазалауды талап етіп алаңға шыққан.

Еске салайық, Монғолиядан Қытайға көмір экспорты соңғы бір жылда үш есеге өскен. Соңғы онжылдық елде тау-кен өнеркәсібінің өркендеуімен ерекшеленді. Мұнда қытайлық компаниялар да көмір өндіреді. Сонымен қатар Монғолияда электр энергиясы мен көмірдің тапшылығы үнемі тұрақты сезіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама