×

Екібастұз ЖЭО учаскесі бастығының өлімі: тың мәлімет шықты

«Екібастұз жылу энергиясы» ЖЭО қызметкерінің қайтыс болғанын растады

 Халық үні 06.12.2022 | 06:45
Фото: el.kz

«Екібастұз жылу энергиясы» ЖЭО қызметкерінің қайтыс болғанын растады. Алдын ала болжам бойынша, ер адам әйелімен болған жанжалдан соң гаражға кетіп, сондағы көлігін оталдырған. Кейін ол ұйықтап, газдан уланып қалған болуы мүмкін.

Қаза тапқан ЖЭО учаскесінің бастығы туралы ақпарат әлеуметтік желіде кең тарады. Онда қаза тапқан 33 жастағы ер адамның денесі гараждан табылғаны, оның денесінде зорлық іздері болмағаны туралы полицияның мәліметі жарияланды.

«Екібастұз жылу энергиясы» баспасөз қызметі мекеме қызметкерәнің қайтыс болғанын растады.

4 желтоқсан күні «Екібастұз жылу энергиясы» ЖШС-сіне полиция басқармасынан қаладағы гараждарының бірінен көлік ішінен Екібастұз ЖЭО қызметкерінің денесі табылғаны туралы қоңырау түсті. Деректерді тексеру кезінде олар бұл шынымен орталық қызметкері екенін анықтады, - делінген хабарламада.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт қалалық басқармада тіркелген, қазір тексеру жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы көліктен өлі табылғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама