×

Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы көліктен өлі табылды

Бұл факт Екбіастұз қаласы Полиция басқармасында тіркелді

 Халық үні 05.12.2022 | 23:58
Фото: kt.kz

Екібастұз жылу электр орталығы учаскесінің бастығы Сергей Видлогтың мәйіті көліктен табылды. 

«4 желтоқсан сағат 21:25-те гараждағы ВАЗ-21099 көлігінен 1989 жылғы «ЖЭО» ЖШС учаскесінің бастығы Сергей Видлогтың мәйіті табылды», - делінген инернетте жарияланған құжатта

Құжатта айтылғандай, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігімен (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) қылмыстық іс қозғалғаны көрсетілген. 

Бұл факт Екібастұз қаласы полиция басқармасында тіркелді. Тексеру жүргізілуде, - деп ақпаратты растады қалалық ПД қызметкерлері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама