Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы көліктен өлі табылды
Бұл факт Екбіастұз қаласы Полиция басқармасында тіркелді
Екібастұз жылу электр орталығы учаскесінің бастығы Сергей Видлогтың мәйіті көліктен табылды.
«4 желтоқсан сағат 21:25-те гараждағы ВАЗ-21099 көлігінен 1989 жылғы «ЖЭО» ЖШС учаскесінің бастығы Сергей Видлогтың мәйіті табылды», - делінген инернетте жарияланған құжатта
Құжатта айтылғандай, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігімен (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) қылмыстық іс қозғалғаны көрсетілген.
Бұл факт Екібастұз қаласы полиция басқармасында тіркелді. Тексеру жүргізілуде, - деп ақпаратты растады қалалық ПД қызметкерлері.