×

Оралда саңырауқұлақ теруге кеткен 73 жастағы қарияның денесі бір айдан кейін табылды

Марқұмның немересі Ирина Жиденконың айтуынша, бүгін атасының денесін орманда мойыл жинап жүрген ер адам тапқан.

 Халық үні 05.12.2022 | 20:13
Фото: zhaikpress.kz

Оралда саңырауқұлақ теремін деп жоғалып кеткен 73 жастағы қарияның мүрдесі бір айдан кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Юрий Браслевич 5 қараша күні саңырауқұлақ теруге шығып кетіп, содан үйіне оралмаған болатын.

Марқұмның немересі Ирина Жиденконың айтуынша, бүгін атасының денесін орманда мойыл жинап жүрген ер адам тапқан.

«Мүрдені иттер бүлдіріп тастаған. Қашан жер қойнына берілетінін әзір айта алмаймыз. Жабық табытпен жерленетін болады», – деді ҚазАқпарат тілшісіне И.Жиденко.

Қарияны іздеуге құтқарушылар, еріктілер, Ұлттық ұлан жауынгерлері жұмылдырылды. Арнайы тікұшақ та шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама