Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда «сақтандыру» арқылы шетелдік көлік мінуге тыйым салынуы мүмкін

«Жол қозғалысы туралы» заңға тиісті өзгеріс енеді

 Халық үні 05.12.2022 | 17:01
Қазақстанда «сақтандыру» арқылы шетелдік көлік мінуге тыйым салынуы мүмкін
фото © Нұрдәулет Әбікеев

Автокөлікті міндетті сақтандыру туралы заңның 10-бабына жаңа 5-2 тармақ қосылады. Бұл туралы kolesa.kz хабарлайды:

Қазақстан аумағында халықаралық қозғалыста жүрмеген көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыру шартын жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті органның (Яғни, ҚР ІІМ ӘПК) бөлімшесінде тіркелген көлік құралына қатысты емес.

Мынадай көліктер халықаралық қозғалыста жүрген автомобиль деп саналады, «егер оны шетел азаматы немесе Қазақстанда тұруға ықтиярхаты жоқ адам басқарса, және:

  • Қазақстан аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын жері бар жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болса;
  • Қазақстанда тіркелмесе;
  • Қазақстанға уақытша әкелінсе.

«Жол қозғалысы туралы» заңға тиісті өзгеріс енеді. Мұндай машина Қазақстанда бір жылға дейін жүре алады, бірақ жыл сайын 30 күн ел аумағында болмауы керек.

Басқаша айтқанда, енді сақтандыру алу үшін көлік не Қазақстанда тіркелуі керек, не шетел азаматының меншігінде және оның басқаруында болуы керек. Қазақстан азаматы шетелдік нөмірі бар автокөлікке сақтандыру полисін рәсімдей алмайды. Осыған орай мұндай көлікті сақтандыру арқылы бір-біріне сата алмайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда жүрген 100 мың шетелдік көліктің сақтандыру полисін жаңартуға тыйым салған. Бірақ бұл тізімге Ресейде тіркелген, Қазақстан азаматы мініп жүрген ресейлік көліктер енген жоқ. Жаңа жоба іске асатын болса, жақында оларды да сақтандыруға тыйым салатын секілді. Мұндай көлікті 200 мың теңге төлеп, жеңілдікпен заңдастыруға болады, ол үшін көліктің рөлі сол жақта болуы керек және қылмыстық іздеуде жүрмесе болғаны. Бұдан кейін Қазақстанға өзі жүргізу және қайта сату мақсатында шетелдік көлік әкелуге болмайды.

Заңға өзгеріс пен толықтыру енгізу жобасын Сенат мақұлдаса президенттің қол қоюына жібереді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама