×

Қазақстан төртқұрлық турнирінің жеңімпазы атанды

Надежда Морозова 1500 метр қашықтыққа жүгіруде мәреге бірінші болып келді

 Дастан Жұмабекұлы 05.12.2022 | 15:43
фото: olympic.kz

Канаданың Квебек қаласында конькимен жүгіру спортынан өткен төртқұрлық турнирінде Қазақстан командасы тағы 3 медальді жеңіп алды.

Надежда Морозова 1500 метр қашықтыққа жүгіруден мәреге бірінші болып келді. Екатерина Айдова бағдарламаның осы түрінде 2-орынды иеленді.

Дмитрий Морозов та 1500 метрге жүгіруде 2-орыннан көрінді.

Бұған дейін Виталий Щиголев  алтын (5000 метр), ал Надежда Морозова күміс (3000 метр) медальды жеңіп алған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама