×

Сенегалда билік пен оппозиция партияларының депутаттары төбелесіп қалды

Дау 2023 жылғы бюджетті талқылау барысында туындаған

 Еркеғали Болатұлы 05.12.2022 | 12:20
фото: видеодан скриншот

Сенегал Парламентінде оппозиция атынан сайланған депутат билеуші партияның депутатына қол жұмсады.

Қарсыласы да қарап қалмай, қарымта ретінде оған орындық лақтырған. Бұл дау 2023 жылғы бюджетті талқылау барысында туындаған. Министрлер мен феминист топтардың өкілдері екеуіне араша түсіп, олардың әрекетін айыптады.

Негізі сарапшылар билік және оппозиция депутаттарының арасы шілде айындағы Парламент сайлауынан кейін қатты ушыққанын айтады. Сол кездегі саяси додада оппозиция көп мандатқа ие болған еді, деп хабарлады 24.kz.

Ал 2024 жылы осы елдегі президент сайлауы өтуге тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама