Halyq Uni логотип
×

Түрік комментаторы тікелей эфирден қуылды

Оған Хакан Шүкірдің атын атағаны үшін ескерту жасалды

 Дастан Жұмабекұлы 05.12.2022 | 11:39
Түрік комментаторы тікелей эфирден қуылды
фото: stadion.uz

Түркияның комментаторы Алпер Бакиржигил Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатындағы Канада мен Марокко командаларының матчында тікелей эфирден қуылды.

Осы ойынныӊ 4-минутында Хакім Зиеш есеп ашқанда, комментатор «Әлем чемпионаттарындағы еӊ тез голды Хакан Шүкір салған» деген.

Осыдан кейін үзіліс кезінде TRT арнасы Алпер Бакиржигилды эфирден алып тастап, матчты одан әрі Ж.Кыран деген басқа журналиске жүргізуді тапсырған.

Қолда бар мәліметке қарағанда, Хакан Шүкірдің атын атаған комментаторға ескерту жарияланған көрінеді.

Ал әйгілі шабуылшыныӊ аты-жөнін неліктен атауға болмайтынын айтсақ, оған Түркияда тыйым салынған ұйымныӊ құрамына кіріп, 2016 жылы әскери төӊкеріске қатысты деген айып тағылған. Содан кейін ол АҚШ-қа қашып, нәпақасын таксист болып тауып жүрген көрінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама