×

Астана мен Анкараның арасында тікелей әуе рейсі ашылды

Алғашқы рейстермен 140 жолаушы Астанаға ұшып келіп, 157 жолаушы Анкараға ұшып барған

 Динара Амантай 05.12.2022 | 10:48
Фото: ашық дереккөз

Астана мен Анкараның арасында тікелей әуе рейсі ашылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұшу географиясын одан әрі кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар шеңберінде 5 желтоқсанда Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы тікелей әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шара Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экичи, «AnadoluJet» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Ахмет Йылдыз, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ президенті Дәулет Хамзинның қатысуымен өтті.

Астана мен Анкара арасындағы рейстер аптасына 2 рейс жиілігімен Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде жүзеге асырылатын болады. Тасымалдаушы — «Turkish Airlines» түрік әуе компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын «AnadoluJet».

Алғашқы рейстермен 140 жолаушы Астанаға ұшып келіп, 157 жолаушы Анкараға ұшып барған.

Аталған рейстің ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда, туризм және бизнесті дамытуға оң әсерін тигізеді деп күтіліп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама