Каналдағы суға қатып өлген ер адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)
Судан оның иегімен екі қолы ғана шығып тұр
Канал суынан белгісіз ер кісінің мәйіті табылды. Оны куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды exk.kz.
Бейнежазбаны ТікТок қолданушысы жариялады. Автордың мәліметінше, оқиға бүгін болған. Видеодан үстіне футболка мен бұтына шалбар киіп, екі қолын кеудесіне қойып қатып қалған ер адамды көруге болады. Судан оның иегімен екі қолы ғана шығып тұр. Ал сырт киімдері канал маңында жатыр.
Мәйіттің нақты қай өңірде табылғаны туралы әзірге ресми ақпарат жоқ. Желі қолданушылары да ер кісінің денесі қайдан табылғанын білмей дал болды. Кейбірі ер азаматты әлдекімдер қасақана өлтіріп, суға тастап кеткен десе, енді марқұм ішімдік ішіп суға түскен деген болжамдарын жасады.