Бүгін Екібастұздағы соңғы 11 үйге жылу беріледі

Динара Амантай

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылды

Фото: Halyq Uni

Төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб Екібастұз қаласындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Штабтың мәліметінше, 4 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 11 үйдің жылу желілері жөнделіп жатыр. Сондай-ақ пәтерлерде жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу жүйесіне қосылуға дайын үйлерде құбырлар мен радиаторлар ауыстырылуда. Сонымен қатар сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, Екібастұзда барлығы 689 көп қабатты үй бар. 11 үйге күннің соңына дейін жылу беру жоспарланып отыр. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Екібастұзға Қарағандыдан 70 маман аттанғанын хабарлаған болатынбыз.