3 оқушы травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр
Алматы облысында «Лексус» көлігі қағып кеткен 5 оқушының біреуі көз жұмды.
«Өкінішке қарай, дәрігерлердің көрсеткен медициналық көмегіне қарамастан 10 жасар ұл бала алған жарақатының салдарынан көз жұмды»,- делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Қалған 3 оқушы травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр. Тағы бір балаға ауыр зақым келмегендіктен, ол ауруханаға жатқызылмаған.
Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Балалар жолды жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден кесіп өтпек болған.
Айта кетейік, 25 қазанда жүргізуші 5 оқушыны қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз.