Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында жүргізуші қағып кеткен 5 оқушының біреуі көз жұмды

3 оқушы травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр

 Халық үні 03.12.2022 | 23:43
Алматы облысында жүргізуші қағып кеткен 5 оқушының біреуі көз жұмды
Фото: naryntany.kz

Алматы облысында «Лексус» көлігі қағып кеткен 5 оқушының біреуі  көз жұмды.

«Өкінішке қарай, дәрігерлердің көрсеткен медициналық көмегіне қарамастан 10 жасар ұл бала алған жарақатының салдарынан көз жұмды»,- делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Қалған 3 оқушы травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр. Тағы бір балаға ауыр зақым келмегендіктен, ол ауруханаға жатқызылмаған.

Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Балалар жолды жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден кесіп өтпек болған.

Айта кетейік, 25 қазанда жүргізуші 5 оқушыны қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама