Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында коменданттық сағат кезінде бір отбасының 3 адамын атып өлтірген: іс сотқа жолданды

Бұл оқиғаға байланысты зардап шеккендердің жақын туыстары жәбірленуші деп танылған

 Халық үні 03.12.2022 | 21:45
Алматы облысында коменданттық сағат кезінде бір отбасының 3 адамын атып өлтірген: іс сотқа жолданды
Фото: uralskweek.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде бір отбасының үш бірдей мүшесі өз көлігінде оқ тиіп көз жұмды. Заңгер Ринат Баймолда марқұм Етаевтардың ісі сотқа жолданғанын мәлімдеді.

«Әлібек» азық-түлік дүкенінің жанында белгілі тұлғалар өздерінің өкілеттіктері мен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, өз құқықтары мен өкілеттіктерінің шегінен шығып, азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын заңды мүдделерін елеулі түрде бұза отырып, Нұрболат Сейітқұлов, Алтынай Етаева және олардың қызы Нұрай отырған көлікке оқ атқан. Алған жарақаттарынан үшеуі де қаза тапт», - деп жазды заңгер өзінің Instagram парақшасында.

Ринат Баймолданың айтуынша, бұл оқиғаға байланысты зардап шеккендердің жақын туыстары жәбірленуші деп танылған.

Қайғылы оқиға болған күні Нұрболат Сейітқұлов, Алтынай Етаева және олардың қызы Нұрай қонақтан келе жатқан. Бұл кезде қала аумағында коменданттық сағат енгізілген еді.

Ерлі-зайыптылардың жасы 51-де болған. Әйелі – үй шаруасындағы әйел, күйеуі Нұрболат зауытта жұмыс істеген, ал қыздары мектепте оқыған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама