Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы көз жұмды

Еркеғали Болатұлы

Аты аңызға айналған «Түркістан жыланы» небәрі 78 жаста еді

фото: ашық дереккөз

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері, баскетболдан аты аңызға айналған КСРО ұлттық құрамасының мүшесі Әлжан Жармұхамедов өмірден озды. Бұл туралы ЦСКА баскетбол клубының ресми сайтында жарияланды.

Бүгін ЦСКА мен ұлттық құраманың тамаша ойыншысы Әлжан Жармұхамедов дүниеден өтті. Аты аңызға айналған «Түркістан жыланы» небәрі 78 жаста еді, - делінген хабарламада.

Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, 9 дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 жж, 1980 ж.), КСРО құрамасының сапында үш мәрте Еуропа чемпионы (1967, 1971, 1979 жж.).

Ол 1972 жылы Мюнхенде Олимпиада чемпионы атанды.