Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады
Астанадағы жаңа мешіттің біріне Әбсаттар қажы Дербісәлінің есімі берілетін болды.
Бұл туралы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, академик, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің 75 жылдығы мен мемлекеттік, қоғамдық және діни қызметінің 50 жылдығына арналған «Шығыстану және руханият мәселелері» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.
Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің есімін республикамыздағы жаңа мешіттің біріне беру жөнінде төралқа мәжілісінде арнайы қаулы қабылдайтынын жеткіземін.
Бұл ұстазымыздың есімін ардақтау жолындағы игі қадамның бірі болмақ», - деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.