Оларға ешкім көмектесе алмаған
Жарма ауданы Терістаңбалы ауылында қатты аяз салдарынан қарт ерлі-зайыпты мен олардың 3 жасар немересі қатып өлді, деп хабарлады Аbainewskz.
Жас отбасы баланы ата-анасына қалдырған. Кейін ол үлкен кісілермен бірге қонаққа барады. Қарт ерлі-зайыпты немесерін алып, үйіне қайтады. Осы кезде далада аяз күшейеді.
Далада әйел құлап, қайтыс болған. Кейін оның күйеуі көз жұмған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 3 жасар бала қатты тоңып, айғайлаған. Бірақ оны ешкім құтқармаған.
Жарма ауданының полиция басқармасы бұл деректі растады. Жерлеу рәсімі кеше өткен.
Абай облысы медициналық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, өңірде аяз күшейіп, 9 адамды үсік шалған. Оның алтауы Семейде.