Олар үйде жалғыз болған
Шу қаласында үй өртеніп, 2 бала көз жұмды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 3 желтоқсанға қараған түні болған. Шудағы жеке үйлердің бірінен өрт шыққан. Өрттің ауданы – 30 шаршы метр. Үйдегі барлық зат жанып кеткен.
Өрт түнгі сағат 00:35-те «СПиАСР» мемлекеттік мекемесінің күшімен толық сөндірілді. Оқиға орнында 4 қызметкер мен 1 техника жұмыс істеді. Өрт сөндірілгеннен кейін 2 және 5 жастағы екі баланың мәйіті табылды, - деп жазылған хабарламада.
Өрт кезінде балалар үйде жалғыз болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың анасы (1989 жылы туған) балаларды үйде қалдырып, есікті бекітіп кеткен.
Бұл дерек бойынша Қылмысық кодекстің 292-бабы 3-бөлігімен («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу») қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.