×

Халық ақыны Қонысбай Әбіл қайтыс болды

Інілерінің ерте қазасы да ауыр тиіп, іштей шерменде боп жүрген

 Еркеғали Болатұлы 03.12.2022 | 12:39
фото: ашық дереккөз

Бүгін Қазақстанның Халық ақыны, белгілі айтыскер Қонысбай Әбіл көз жұмды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет мәлімдеді.

Қазақ мәдениеті мен әдебиеті тағы бір ауыр қазаға душар болды! Қазақстанның Халық ақыны, қаламгер-сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, танымал әндерімен тамсантқан композитор, «Парасат» орденінің иегері, қайраткер тұлға, «Торғайдың топжарғаны» атанған сегіз қырлы, бір сырлы асыл азамат Қонысбай Әбіл дүниеден өтті.

Алты Алашты ән мен жырға бөлеген «Әй-әй ақыннан» айырылдық! Ауыр қазаға аза тұта отырып, марқұмның отбасына, бүкіл ел-жұртымызға көңіл айтамын! Аяулы қаламдас досымыздың нұры пейіште шалқысын!» - деп жазды Ұлықбек Есәулет.

Ал ұлы Олжас Әбілдің айтуынша, әкелері соңғы жылдары сырқаттанып жүрген.

«Інілерінің ерте қазасы да ауыр тиіп, іштей шерменде боп жүрген еді, бүгін түнде жасы 69-ға қараған шағында дүниеден озды. Бұл қаза әулетімізге өте ауыр тиіп отыр. Үлкен отбасымыз бассыз қалғандай боп отырмыз. Жаның жәнаттан болсын, аяулы Әке!» – деп жазды ұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама