Мыңнан аса науқас аурудан емделуде
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны өсіп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте 173 адамнан коронавирус анықталған. Ал 3 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 303 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде 176 пациент стационарда, 1 127 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. COVID-19-ға шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.