×

Екібастұзда өрт сөндіру техникасы үйлердің жертөлелерін жылытып жатыр

Қалада 50 үй жылусыз отыр

 Дәурен Ерболат 03.12.2022 | 11:23
Фото: smi24.kz

Екібастұзда жылусыз қалған үйлердің жертөлелерін өрт сөндіру техникасы жылытып жатыр. Бұл туралы Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Жасұлан Жұмашев айтты, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Сәтбаев көшесі, 8 үйдегі жертөлелерді жылытып жатыр. Мұнда №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жұмыс істеуде, - деді Жасұлан Жұмашев.

Оның айтуынша, құтқарушылар №3, №6 кіреберістегі жұмыстарын аяқтаған. Одан кейін әрі өрт сөндіру бөлімі №1, 2, 4 және 5 кіреберіске көшеді.

Айта кетейік, 2 желтоқсанда 19 көпқабатты үйге жылу берілді. Қалада жылуға қосылмаған 40-50 үй бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама