Украинадан эвакуациялау: Катовицеде тағы 30 қазақстандық бар
Қазақстанға 432 адам қайтарылды
Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау басталғалы ҚР шет елдердегі дипломатиялық мекемелері 553 азаматтың шығуына көмек көрсетті.
Бүгінде Air Astana әуе компаниясының арнайы рейстері арқылы Қазақстанға 432 адам қайтарылды. Қазір төртінші эвакуациялық ұшақты жіберу жоспарланып отыр. Рейс Катовице қаласында (Польша) азаматтардың қажетті санының жиналуына қарай жүзеге асырылады.
Айта кететін жәйт, осыған дейін Украинадан шыққан отандастардың бірқатары Еуропалық Одақ аумағында қалуға шешім қабылдаған. Қазір Катовице қаласында 30 ҚР азаматы бар, Украина-Польша шекарасында 30 жолаушысы бар тағы 1 автобус өз кезегін күтуде.
«Атамекен» ҰКП ақпаратына сәйкес, Украинадағы әскери әрекеттер басталғаннан кейін сол елдің аумағында 47 жүргізуші – ҚР азаматтары және 8 жүргізуші – шет мемлекеттердің азаматтары бар жалпы 55 бірлік автокөлік қалып қалып қойған. ҚР шет елдердегі мекемелерінің тікелей көмегімен және араласуымен 55 автокөлік құралдарының 31-і шықты, оның ішінде: Ресейге – 11; Молдоваға – 8; Польшаға – 12. Қалған 24 автокөлік Украина аумағында қалып қойды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі жүргізушілермен байланыс орнатқан, олардың тізімі мен автокөліктердің орналасқан жері нақтыланды.