Бұл видео «Хабар» агенттігінің архивиінде сақталған
Мемлекет қайраткері, марқұм Заманбек Нұрқаділовтің бұрын-сонды жарияланбаған видеосы жарыққа шықты, деп хабарлайды exk.kz.
1998 жылы Алматыдағы Республика сарайында Қарасай батырдың 400 жылдығына арналған айтыс өткен. Қытайдың ең үздік бишісі атанған қандасымыз Шұғыла Сапарғалиқызы тарихи отанына келіп, сол айтыста «Бөрте» биін билейді.
Айтыс біткен соң, сол кезде Алматы облысының әкімі болған Заманбек Нұрқаділов көлік міңгізеді. Жақында «Кімнің есінде?» бағдарламасында көрсетілді.
Шыңжаннан барып оқып, Бейжіңде жап-жас биші болып жүрген Шұғылаға бір қаттырақ қол шапалақтайық. Той-томалақтардан қалмай келіп жүр. Бірақ сол қол шапалақтаумен шектеліп жүрміз. Сондықтан жақында отбасылы болған қарындасымызға бір көлік міңгізейік, — деген болатын Заманбек Нұрқаділов.
Шұғыла Сапарғалиқызы кейіннен Қазақстанға қоныс аударған. Үш баласы бар.