Бюджеттік кредитті игеруге 6 ай берілмек
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ашық НҚА» порталына «ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған шағын несиелер беруді көздейтін үкімет қаулысының жобасын талқыға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол үшін республикалық бюджеттен 52 млрд 396 млн 9645 теңге бөлу жсопарланған.
Қаражат ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін облыстық бюджеттерге 0,01 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен 10 жыл мерзімге берілмек. Облыстар оны ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған 2023 жылға жоспарланған жобалардың ауқымын кеңейту үшін кредиет ретінде береді.
Бюджеттік кредитті игеруге 6 ай берілмек. Ал ол мерзім кредите беруші соңғы ұйымның шотынан ақша аударылған сәттен бастап есептеледі.
Қарыздың негізгі сомасын төлейтін мерзім несие беру шартында белгіленеді.
Құжаттың толық мазмұнымен мына жерден танысуға болады.
Қаулы жобасы 19 желтоқсанға дейін ашық талқылауда болады.