Halyq Uni логотип
×

«Әйелдер 58 жас деген»: Дана Нұржігіт зейнет жасы туралы айтты

61 жас аз болса да менің  фолловерлерімнің жеңісі деп есептеймін, дейді ол

 Халық үні 02.12.2022 | 20:57
«Әйелдер 58 жас деген»: Дана Нұржігіт зейнет жасы туралы айтты
фото: ашық дереккөзден

Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігіт зейнет жасы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Сенатордың пікірінше, әрбір депутат өңірлерді аралап, сауалдар жазып қана қоймай, әлеуметтік желіде белсенділік танытуы қажет. Өйткені әлеуметтік желі қоғамды ашықтықпен қамтамасыз етіп, санасуға шақырады.

Менің осыған дейін жасаған барлық депутаттық сауалдарым аспаннан алынған тақырыптар емес. Бұл менің фолловерлерімнің ұсынған мәселелері. Мәселен, «ойын бизнесі», «педофилия» тақырыптары, иә болмаса биыл әйелдердің ең үлкен қуанышты жаңалығы әйелдердің зейнетке шығу жасын 63-тен 61-ге түсіру жөніндегі сауалды айтсақ болады. Әрине, маған жазған әйелдер 58 жас деген еді. Бірақ ұлттық экономикалық жағдайға байланысты 61 жасты місе тұтуға мәжбүрміз. Оның өзі аз болса да менің  фолловерлерімнің жеңісі деп есептеймін. Бұл халықпен санасып отырып, бірге жасаған іс деп білемін, - деді спикер  Қоғам үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің институционалдық ашықтығы» халықаралық конференциясында. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама