Алматыда лифт құлап, бір адам көз жұмды
Қазір полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр
Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтінің құлауы салдарынан ер адам көз жұмды.
30 қарашада Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлап, бір адам қаза тапты. Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі – «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді полиция.
Алмалы аудандық полиция басқармасының полиция бөлімі қызметкерлері тергеу жүргізіп, мән-жайды анықтап жатыр.