×

Сауд Арабиясының клубы Роналдуға жылына 200 млн еуро ұсынды

Португалиялық футболшы 2,5 жыл «Әл-Насср» командасында ойнауы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 02.12.2022 | 17:02
фото: ашық дереккөз

Португалия ұлттық құрама командасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың жаңа маусымда қай клубтың жейдесінде өнер көрсетуі мүмкін деген мәлімет тарап жатыр.

Роналду келесі жылы Сауд Арабиясының «Әл-Насср» командасында ойнауы мүмкін. Marca деректеріне қарағанда, спортшы клубпен 2,5 жылға келісімшартқа қол қойып, бір маусымда 200 млн еуро алады. Бұл бағаға футболшының жалақысы мен жарнамалық келісімшарттары да кіреді. Еуропалық клубтардың ешқайсысы «Аль-Насср» ұсынған бағаға тең келер келісімшарт ұсынбаған.

Ал Сауд Арабиясының клубы футболшыға омыншама сомаға келісімшарт ұсынып отыр.  Сондықтан Роналду команданың қатарын толықтыруы мүмкін «Әл-Нассрды» бұрын «Марсель», «Рома», «Лилль» командаларының бас жаттықтырушысы болған франциялық Руди Гарсия жаттықтырады. Одан басқа командада, Луис Густаво («Баварияның» экс жартылай қорғаушысы), «Арсенал» мен «Наполидің» бұрынғы қақпашысы Давид Оспина, «Вильярреалда» өнер көрсеткен қорғаушы Альваро Гонсалес бар.

Сауд Арабиясы клубының өкілдері Роналдудың елдегі футбол танымалдығын арттыра түсетініне және өзге елдердің чемпионатқа қызығушылық танытатынына сенімді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама