Halyq Uni логотип
×

Қызылорда тұрғыны құқығын қорғап, 310 мың теңгесін қайтарып алды

Қызмет көрсетушілер мен сатушылар заңға бағынуы тиіс

 Дәурен Ерболат 02.12.2022 | 16:39
Қызылорда тұрғыны құқығын қорғап, 310 мың теңгесін қайтарып алды
Фото: Halyq Uni

Қызылордада тұрғын құқығын қорғап, 310 мың теңгесін қайтарды, деп хабарлады Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.

Қаладағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Б. атты қызылордалық хабарласып, көмек сұрады.

Оның айтуынша, ол Қызылордада орналасқан сауда үйінен 615 мың теңгенің тауарын сатып алған. Оған 75 мың теңге бонус түскен. Тұтынушы бонусқа  235 000 теңге қосып, 310 мың теңгеге ұялы телефон сатып алған. Алайда одан мерзімінен бұрын ақау табылды. Сараптама қорытындысы смартфонның жарамсыз екенін көрсетті.

Сауда үйінің қызметкерлері тек төленген 235 мың теңгені қайтаратынын, ал 75 мың теңге бонус қайтарылмайтынын айтқан. Тұтынушының бұған көңілі толмай, департаметтен көмек сұрады. Нәтижесінде қызылордалыққа 310 мың теңге толық қайтарылды, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстандықтардың тұтынушылық құқығы бұзылған жағдайда E-tutynushy.kz, Eotinish.kz бірыңғай ақпараттық жүйесіне шағым түсіре алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама