Halyq Uni логотип
×

Павлодарда адам өлтірген ер адам жазадан құтылды

Ол жәбірленушінің кеудесіне пышақ сұғып алған

 Дәурен Ерболат 02.12.2022 | 16:00
Павлодарда адам өлтірген ер адам жазадан құтылды
Фото: iStock

Павлодарда абайсызда адам өлтірген ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқталды, деп хабарлады қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.

Іс материалы бойынша 2021 жылғы 23 қарашада қаладағы моншада мас тұрғын ағайындылардың шабуылынан қорғанып, ас үй пышағын пайдаланған. Ол шабуыл жасаған ер адамның кеудесіне пышақ сұғып алды. Соның салдарынан ол көз жұмды.

Тіркелген дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 112-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс ауырлығы төмен қылмыстардың қатарына жатқызылады әрі 2021 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңның қолданысына жатады.

Сотта сотталушы мен оның қорғаушысы рақымшылық жасау туралы өтініш білдірді. Прокурор сотталушының өтінішін қанағаттандыруды және қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Жәбірленушілер рақымшылық жасауға қарсылық білдірді, – деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 1-бөлігі 3-тармағы және 35-бабы 4-бөлігінің талаптарына сәйкес, сотталушы бұған қарсы болмаса, қылмыстық іс рақымшылық актісі бойынша тоқтатылуға жатады.

Заң бойынша рақымшылық жасауға жәбірленушінің келісімі талап етілмейді.

Сот заңның осы талаптарын басшылыққа алып, сотталушыға рақымшылық жасауға байланысты істі тоқтатты. Алайда сотталушы ақталмайды. Осыған байланысты жәбірленушілердің моральдық зиянды өтеуді талап ету құқығы сақталады, – деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама