×

Шымкент дәмханасында Нигерия азаматын ұрған қазақстандық ұсталды

Түлкібас тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

 Халық үні 02.12.2022 | 13:46
көрнекі фото: ашық дереккөзден

21 қарашада Шымкент қаласы Абай аудандық полиция басқармасына «Нұра» тойханасында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама жеткен. Оқиға орнына жеткен полиция өкілдері Сомали (Африка) азаматы мен оның қазақстандық танысы арасында төбелес болғанын анықтаған. Сосын екеуі де полиция бөлімшесіне жеткізіліп, кейіннен Сомали азаматы арызданудан бас тартқан. Ол продюсеріне де, Қазақстан азаматына да еш шағымы жоғын айтқан.

20 қарашада Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық полиция басқармасына ауруханалардың бірінен жарақат алған Нигерия азаматы жеткізілгені туралы хабарлама жеткен.

Полиция анықтағандай, «Қазына» дәмханасында белгісіз ер адам сыра шыныаяғымен Нигерия азаматының бетінен ұрған. Бұзақылыққа барды деген күдікпен Түркістан облысы Түлкібас ауданының тұрғыны ұсталып, полицияға жеткізілді. Нигерия азаматын ұрған Түлкібас тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша («Бұзақылық») сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама