Бақытгүл Хаменова соттағы соңғы сөзінде өзін ақтауды сұраған еді
Атырау қаласының №2 сотына Бақытгүл Хаменовадан, оның адвокаты Игорь Вранчевтан, Өмірбек Адамовтан, оның адвокаты К. Адамовадан және Ақылбек Рысқалиевтың адвокаты Нұрбол Жолболовтан апелляциалық шағым түсті.
2022 жылдың 15 қарашасында Атырау қаласының №2 сотында облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, облыстың мәдениет басқамасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке және «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовқа сот үкімі шықты.
Сотталушы Хаменоваға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2 жас баласының болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігін қолдану арқылы жазаны орындау 3 жылға кейінге қалдырылды.
Сотталушы Рысқалиевке 7 жыл, сотталушы Адамовқа 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушылардың барлығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.