Halyq Uni логотип
×

Елімізде жалға берілетін пәтердің бағасы арзандады

11 қалада 24 қараша мен 1 желтоқсан аралығындағы тарифтер азайған

 Дастан Жұмабекұлы 02.12.2022 | 12:06
Елімізде жалға берілетін пәтердің бағасы арзандады
фото: ашық дереккөз

Елімізде тұрғын үйді жалға алу бағасы біртіндеп арзандап келеді. Бұл туралы Krisha.kz хабарлады.  

11 қалада 24 қараша мен 1 желтоқсан аралығындағы тарифтер азайған.

Соның ішінде жалға берілетін баспананың бағасы Оралда – 6,2 пайызға, 1 шаршы метрі 2 708 теңгеге дейін; Қостанайда – 4,7 пайызға, 3 174 теңгеге дейін; Петропавлда – 4,7 пайызға, 2 600 теңгеге дейін; Алматыда – 3,1 пайызға, 6 250 теңгеге дейін; Астанада – 2,5 пайызға, 4062 теңгеге дейін арзандаған.

«1 желтоқсанда пәтерді жалға алу бағасы қыркүйектің басындағы деңгейге жеткен жоқ», –  делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама