Оларды заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған
Елімізде республикалық «Киік» акциясы басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бұл шара аясында киіктерді заңсыз аулау фактілерін анықтау және алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы жылына екі рет ұйымдастырылады – киіктердің күйлеу кезеңінде, яғни 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін және олардың төлдеу кезеңінде - 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында.
Киік акциясына «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның 224 инспекторы, сонымен қатар ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен тұратын мобильдік топтар қатысады.
Еске сала кетсек, киіктерді заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.