×

Маман тапшы: 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы тағы өседі

Бүгінде мамандардың орташа жалақысы 250-420 мың теңге аралығында

 Дәурен Ерболат 02.12.2022 | 11:31
Фото: inform.kz

Денсаулық сақтау министрлігі Ажар Ғиният елімізде дәрігерлердің жалақысы өсіп жатқанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«2022 жылы дәрігерлердің жалақысы орташа есеппен 30%-ға (421 мың теңге), орташа медицина персоналы – 20%-ға (235 мың теңге) өсті. 2023 жылы дәрігерлерге жалақыны орта есеппен 531 мың теңгеге дейін, орта медицина персоналына 250 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр», - деді министр Сенатта өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Министр осыған қарамастан салада маман тапшылығы өзекті екенін атап өтті.

Республика бойынша кадр тапшылығы бар. 2021 жылы 3050 жас түлек жұмысқа орналастыруға жіберілді. Оның 630-ы ауылда. Биыл 1872 жас түлектің 444-і ауылдарға жіберілді. 2023 жылы жоспарланған оқу бітіретін түлек 11 мыңнан асады, - деді Ажар Ғиният.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама